Ұлттық құраманы қашан көреміз

Козачков Михаил

Последний вход: 18.04.2018 16:28:10
Дата регистрации: 11.03.2011 23:35:41
WWW-страница: http://twitter.com/koza4koff
ICQ: 293267934
Пол: Мужской
Страна: Казахстан
День рождения: 16 мая
Любимая команда:  Ордена Ленина. Ордена Красного Знамени. Великий. Могучий...
Козачков Михаил Всем
Ұлттық құраманы қашан көреміз

Қазір аяқдоптан еліміздің намысын қор­­ғайтын команданы «Қазақстан ұлттық құ­­рамасы» деуден қалдық. Қалайша ұлт­тық құрама дейміз, негізгі құрамда жжасыл алаң­ға шығатын ойыншылар сапында ке­лім­сектер көбейіп бара жатса?! Әрі құрама са­пында бүгінгі таңда ойлы да, сайлы ойын­дарымен көзге түсіп жүрген қайсар жі­гіт­теріміз емес, бас бапкердің ықыласы ау­ған футболшылар ойнайды, негізінен. Ұлт­тық құраманы қашан көрдік, осы, жа­сыл алаңнан? Байсейітов, Баймұхамедов, Бер­далин, Гороховодацкий, Талғаев, Фо­ми­чев, Масудов бас бапкер болған 1992-2002 жылдар аралығында ма? Ал Тимофеевтің бас бапкерлік қызметте тә­жі­ри­бе жинақтаған кезінен бастап ұлттық құ­­ра­маның қиюы қашып, берекесі кетті. Тә­жірибесі жоқ Тимофеев «жастарды тәр­бие­леумен» айналысты. Одан соң құрама тіз­гінін Арно Пайперске ұстатқанбыз. Гол­ланд маманы ресми кездесулерде өзіне та­н­ыс футболшылармен ғана шектеліп, бір­сыдырғы ойындарымен жалықтырған. Қан­ша ойын өткізсе де, құраманы бірте-бір­те жетілдіре алмаған. Қазір Шторк та солай. Алға жылжу байқалмайды. Қа­зақ­стан құрамасын 2008 жылдан бері жат­тық­тырады, әлі ешқандай нәтиже жоқ. Тым болмаса Пайперс сияқты Сербиядай азулы құраманы жеңіп бере алар емес. Шторк­тың Пайперстен айырмашылығы, құ­рама сапына көптеген ойыншыларды тар­тып жүр. Бірақ жанкүйерлер сүйіс­пен­ші­лігіне бөленген Смақов, Нұрдәулетов, Тілешев, Көкеев сынды жігіттерімізді кө­зіне ілер емес.

Еуропада доп теуіп жүргенімізге сегіз жылдан асып кетті. Сегіз жыл бойы көңілге қонымды нәтиже, өрнекті ойын үлгісін сарыла күтіп, сарғайып жүрміз. Біз - Олимпиада ойындарындағы жалпы командалық есепте алғашқы отыздықтан ойып тұрып орын алып жүрген, ал экономикада бәсекелестікке қабілетті 50 елдің құрамына енуді көксеп жүрген іргелі де, еңселі елміз. Ал футболда неге 125-орынның ар жақ, бер жағында жүруіміз керек?! Аяқдобымыз неге көштен қалуы тиіс?! Құрығанда алғашқы жүздікке енуге қабілетіміз жетпей ме, әлде қаржыдан қиналып жүрміз бе? Дәулеті бізден төмен елдер алдымызда ойқастап жүр...

Нургазы Сасаев
Ғұн
12.09.2010 05:47:59 0
Не шайнап отырсыңдар, мақала өте жақсы жазылған, нағыз Қазақ жазған! Дұрыстап түсініп барып оқыңдар, шала қазақтар!
Намыс
13.09.2010 08:07:10 0
Все правильно. Надо отрабатывать деньги. А то наш получают больше чем беларусы и другие, а результат не показывают ....
Аршат
13.09.2010 17:49:19 -30.0434
Сидельников аз болғандай енді Мандрыкинді шақырып жатыр ептібайымайттар
Для того чтобы, оставить комментарий необходимо войти или зарегистрироваться