Жанкүйерлер депутаттарға жалтақтайды

Козачков Михаил

Последний вход: 26.04.2018 19:39:25
Дата регистрации: 11.03.2011 23:35:41
WWW-страница: http://twitter.com/koza4koff
ICQ: 293267934
Пол: Мужской
Страна: Казахстан
День рождения: 16 мая
Любимая команда:  Ордена Ленина. Ордена Красного Знамени. Великий. Могучий...
Козачков Михаил Всем
Жанкүйерлер депутаттарға жалтақтайды

Дәл қазір футболымыздың кежегесі кейін тартып, спорт сүйер қауым үшін өзекті мәселеге айналып отыр. Ұлттық құраманың сүреңсіз ойындары бір-біріне сабақтасып, серпін алар сиқы жоқ. Ал ұлттық құрама тізгінін сеніп тапсырған неміс маманы Бернд Шторк пен Қазақстан футбол федеррациясы ұлттық құрама ойынын жетілдірудің «төте» жолын тапқан болып, қарекет жасауда.

Сондағы солақай саясаттары – біздің елге үш қайнаса да, сорпасы қосылмайтын шетелдік футбошыларды сырттан тасу. Құрама сапына бір-біртіндеп қосып жатыр, келімсектерді. Өз елдерінің ұлттық құрамасының есігінен де сығалай алмайтындар біздің құрамаға емін-еркін кіре бастады. Қазақстан азаматтығын қалай тез ала қоятындарына аң-таңбыз. Ал олар бас бапкер мен федерация сенімін ақтай алар емес. Жанкүйерлер болса, әбден төзімдері таусылып, ұлттық құраманың өз алаңындағы ресми ойындарына әртүрлі плакаттармен «жасақтанып» баратын болды. Сондағы сездіргісі келетін ойлары – ұлттық құрама ойындарына көңілдері толмайтындықтары, Самат Смақовты құрама сапынан көргілері келетіндіктері, Бернд Шторктің орнынан кетуін қалайтындықтары.

Ал ел футболының басы-қасында немесе Қазақстан футбол федерациясының маңайында жүрген кейбір мамандар, жаттықтырушылар ұлттық құрамаға байланысты өз пікірлерін айтудан қашқақтайтындай да, тіпті. Бір сылтау айтып, тайқап шыға береді. Немесе Михаил Гурман сияқты «қазір қолым бос емес, бір сағаттан кейін хабарласыңызшы» деп өте сыпайы түрде шығарып салып, содан соң ұялы телефондарын өшіріп тастайтындар да жоқ емес...

Кейінгі кезде еліміздегі баспасөз құралдарында аяқдобымыздың қазіргі жағдайы көп жазыла бастады. Қазақ тілінде де, орыс тілінде де. Сайттар мен порталдардағы осындай мақалалардың астындағы пікірлерден көз сүрінеді. Бәрі де – таусыла, ашына жазылған ой-пікірлер. Алайда жанкүйерлердің де, БАҚ-тың да, басқаның да жан айқайын тыңдайтын құлақ жоқ. Жанкүйерлер тіпті Елбасының атына ашық хат та жолдады. Ал жақында орыс тілді порталдардың бірінде Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің сұхбаты жарық көрді. Халық қалаулылары арасында да шет елден футболшы тасығанды ұнатпайтындарын, хош көрмейтіндерін біліп, қуанып жатқандар саны шектен тыс көп. Осы орайда, «неге депутаттар ел футболының бүгінгі жайы мен аяқалысын Парламентте көтермейді» деген сауал мен «осы мәселе Парламентте қаралса екен» деген дәме белең алды. Себебі бұл сұхбат көп талқыланып, тіпті кейбір тұстары (үзінділері) Ресей басылымдарында жариялана бастады.

Өз кезегімізде біз де халық қалаулыларының бірін тілге тартып, ел футболының қазіргі ахуалына өз көзқарасын білдіріуді өтініп едік. Енді Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбиляновты тыңдасақ:

– Дәл қазір футболдан Қазақстан құрамасының ойынына көңілі толып отырған азаматтарды көріп отырған жоқпын, мен. Өйткені, ұлттық құрама сапында шет елден келген ойыншылар көбейіп барады. Олардың басты мақсаты – ақша алу, өзінің жағдайын жақсарту, халықаралық деңгейде көзге түсіп, басқа командаға тез ауысып кету. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанды жағдай жасайтын жолға айналдыру. Сондықтанда, менің ойымша, құрама сапындағы ойыншылар жергілікті футболшылар болуы керек. Бұл – бас бапкерге қойылатын негізгі талап болуы міндет. Екіншіден, шеттен легионер тасығанды доғару керек. Оның есесіне, ауыл спортын дамытуды қолға алу керек. Соларға жұмсалатын қаржыны спорт мектептерінде жүрген қазақ балаларының жағдайын жақсатып, аяқдопқа мейілінше баулуға жұмсау керек. Ауыл-ауылдағы балаларды әкелу керек. Сонда ғана нағыз қазақ футболын көре аламыз. Сонда ғана нәтиже болады. Мен басқа жолды көріп отырған жоқпын. Өз ұлдарымыз ойнамайынша, ешкім де біз үшін жанталасып, арам тер болмайды. Ешкім де қазақтың намысын қорғап, жартыпайды. Сол себепті жергілікті футболшыларға көп көңіл бөлінуі керек. Ал Бернд Шторк бірнеше футболшымызды құрамаға маңайлатпай жүр.

Ендігі бір мәселе, біз жас футболшыларымызды Бразилияға жіберіп, аяқдоп өнеріне баулып, оқытып жатырмыз. Міне, сол жастарымыз қайда?! Неге оларды құрама сапына тарта бастамаймыз? Неге қолдау көрсетпейміз?!

Содан соң футболда бәрі ашық болуы керек. Халықтан жасырып, жабулы қазан күйінде жүргізуге болмайды, бар істі. Бәрі ашық түрде, әрбір футболшы, жаттықтырушы қанша жалақы алады, соның бәрін баспасөзде жариялап, талдау жасау керек. Әйтпесе, мұндай жасырын футболмен бауырымызды жаза алар емеспіз. Мысалы, жақында әлем чемпионаты өтті. Бәріміз де көрдік. Сонда допты бізден кейін тепкен, бұрын футболы жоқ елдердің де шығып жатқанын көрдік. Ал олар қалай шығып жатыр, ақтық сынға?! Оларда отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігі, ыстық ықыласы басым. Бізде ондай отансүйгіштік бар ма?! Бізде бір жыл ойнайды, ұнамаса кете салады. Азаматтық алды ма, бір жылдан кейін одан шығады да, басқа елдің азамттығын ала салады. Бұл бір кіріп-шығатын есік секілді...

Жалпы, шеттен келгендерді жарылқауды қою керек. Өз азаматтарымызға жағдай жасау керек. Бізде «қазақ футбол ойнай алмайды» дейді кейбіреулер қытығыңа тиіп. Үйретпесе қалай ойнасын, қазақ футболды. Үйрету керек. Ешбір ұлт футболшы болып тумайды. Бәрі де үйренеді. Жағдай жасап, үйретсе, ойнайды біздің қазақта. Қараңызшы, бізден Олимпида чемпиондары шығып жатыр. Қайдан шықты солар?! Олардың бәрі осы Қазақстаннан шықты, ауылдан шықты! Елден шықты, спорт мектептерінде дайындалды. Соның арқасында, дайындықтың арқасында шығып жатыр. Жағдай жасап, дайындасақ, қаражат бөліп, жалақысын төлесек, шығады футболшылар да. «Ойнаймын» деген талабы бар қазақ жастарына үй берсек, мүмкіндік берсек, неге ойнамасын? Ойнайды. Футбол ойнаған қазақтар жоқ емес, бар ғой. Шежіреміз де бар. Сондықтан бір ұлтқа бір спортты таңу мүлде дұрыс емес. Жастарды қолдап, жастарға сенім арту керек.

Нургазы Сасаев
Для того чтобы, оставить комментарий необходимо войти или зарегистрироваться