Теория тактика бола ма?..

Козачков Михаил

Последний вход: 26.03.2020 23:14:10
Дата регистрации: 11.03.2011 23:35:41
WWW-страница: http://twitter.com/koza4koff
ICQ: 293267934
Пол: Мужской
Страна: Казахстан
День рождения: 16 мая
Любимая команда:  Ордена Ленина. Ордена Красного Знамени. Великий. Могучий...
Козачков Михаил Всем
Теория тактика бола ма?..

Қазақстан құрамасы 2012 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясында төртінші кездесуін өткізіп, тағы да ұтылды. Бұл жолы азуын айға білеген Германия құрамасына 0:3 есебімен есе жіберді.

Төррт кездесу, төрт жеңіліс. Осы төрт ойында бірде-бір гол соға алмай, ауызды қу шөпен сүртумен болды, неміс маманы Бернд Шторк жаттықтырған футболшыларымыз. Футболшыларда кінә жоқ-ау, бар кінәрат бас бапкерде болып тұр. «Неміс машинасы» атанған қарымды құрамамен болған ойында Шторк мырза жасыл алаңға Фархадбек Ирисметовті шығарды. Жарақатына байлансты 17 қыркүйектен бері доп теппеген Фархадбекті табан тірескен дүлей додаға салды. Осыған қарап, «сірә, бас бапкер біздің футболшыларды жақсы білмейді-ау» деп топшаладық. Ел чемпионатының ойындарын көзбе-көз тамашалап, бәрін саралап отырса, дәл қазір қорғаныстың оң қанатында қай футболшының жақсы ойнап жүргенін білер еді-ау. Бас бапкер деген еліміздегі қай қорғаушының спорттық бабында келгенін біліп отырса керек-ті. Ал Шторк мырза өзі бұрыннан білетін Ирисметовті жарақатынан толық айықпай, аламан додаға салды. Әрі өзіне үйреншікті сол қапталға емес, оң қапталға...

Содан соң қақпашы Сидельниковтің шыр айнала ұшқан допты қағып немесе қолына қысып (бауырына басып) ұстап ала алмай жүргендігіне де көңіл аударар емес. Біле білсек, Андрей Сидельниковтің өз клубы («Ақтөбе») сапындағы негізгі қақпашы мәртебесінен айырылып қалғанына үш тур болған. Негізі, Бернд Шторктің мұндай шешімдеріне етіміз үйрене бастаған десек те болады. Неміс маманының ел чемпионатындағы кейбір клубтардың қосалқы құрамында отырған футболшыларды ұлттық құрама сапына алып, жасыл алаңға шығарып жүргені бұл ғана емес.

3 қыркүйектен бері өткізген төрт ойында өз қақпамызға 10 гол жібердік. Осының басым көпшілігі қорғанысымыздың орталық тұсынан соғылды. Ал орталық қорғаушыларымыз – Алексей Попов пен Ринат Абдулин. Бұған алып-қосарымыз жоқ.

Ендігі бір мәселе, Шторк мырза Қазақстан құрамасымен «Астана-Арена» стадионында бес ойын өткізсе де, неге бірінші таймда біздің футболшылардың барлық командалармен терезесі тең өнер көрсете алатындығын түсінбей жүрген секілді. Оның сырын түсінсе, «біз бірінші таймда тамаша ойнадық» деп айтар ма еді, тәйірі? Негізі, бірінші таймда біз тамаша ойнап жүрген жоқпыз, қарсыластарымыз ойнай алмай жүрген сияқты. Енді осы сөзімізді тараштайық. «Астана-Арена» стадионының көгалы – жасанды төсеніш. Бізге қонаққа келген командалар осы желекке бірден үйреніп кете алмай, біраз сергелдеңге түседі. Бір-біріне пасты дұрыс бере алмай, қателеседі. Бұл жөнінде Германия құрамасының бас менеджері, өз заманында бесаспап шабуылшы болған Оливер Бирхофф алғашқы жаттығудан соң бар ойын бүкпесіз ақтарып салған:

–    Біз былтыр Мәскеуде де жасанды желек үстінде ойнағанбыз. Бірақ жасанды желектің бәрі бірдей емес. Сіздердегі жасанды желектің қиқымдары (ұнтақтары) көп екен. Бұл доп секектегенде байқалады. Әйтсе де, ойыншыларымыз бұл алаңға де тез бейімделіп кетеді деп сенемін.

Матчтан соң Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лёв те «сіздердегі жасыл желек біз Берлинде жаттығу өткізгендегіден өзгеше. Бұл желекте бір апта жаттықсақ, бұған да бейімделіп кетер едік. Ойынның басында біздің ойыншылардың жасыл желекке бірден бейімделіп кете алмай жүргендіктері байқалды. Сонда да жасыл желек бізге бөгет бола алмады» деп, ағынан жарылды (Шынымен-ақ «Неміс машинасы» елордада «спорт-драйв» режімін іске қоспай-ақ озды бізден).

Жалпы, өздеріңіз байқаған боларсыздар, Германия құрамасының ойыншылары бірінші таймда көп қателесіп, ойындары мандымай қойды. Тіпті өз қақпаларының алдында бір-біріне допты тура жеткізе алмай, жаза басты. Пастары діттеген жерлеріне жетпей, теңбіл доп біздің ойыншылардың оңай олжасына айналды да. Өкінішке қарай, біздің футболшылар осындай тамаша мүмкіндіктерді кәдеге жарата алмады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, қарсыластарымыз «Астана-Арена» стадионына үйренісіп кеткенше, бір-екі гол соғып алуға болады ғой. Бірінші таймда бір-екі гол соғып алсақ, қарсыластарымыздың көбісінің сағы сынып қалмас та ма еді?! Бірінші таймда тіпті екі шабуылшымен ойнаған да дұрыс болар, сірә. Екінші таймда шабуылшы санын азайтып, қорғанысқа көңіл бөлсек. Осындай ұсақ-түйектерге көңіл бөліп, әр таймға екі бөлек тактика қолдану керек сияқты. Ал Бернд Шторк мырза өзінің теориялық ілімдерінен арыла алар емес. Міндетті түрде қорғаныста бойы ұзын қорғаушылар ойнау керек-дүр, қорғанысқа тірек болар жартылай қорғаушылардың біреуі денелі, ұзын бойлы болуы керек-мыс, шабуылшы да бойы сырықтай, ұзынтұра болуы керек-дүр... Білмеймін, басқа-басқа бірақ соңғы жылдары Еуропа және әлем чемпионы болған Испания құрамасы осы қағиданы қатты ұстанады деп айта алмаймын. Филипп Лам мен Роберто Карлос та бойшаң емес қой, осы. Марадона да ұзынтұра емес еді...

Содан соң біздің құрама уақыт белдеуін де дұрыс пайдалана алмай жүр. Мәселен, осы жолы Астанаға ұшып келген Германия құрамасы өз уақыттарымен тіршілік етті. Жатығу жұмысын түнгі сағат 11-де, ал баспасөз мәжілісін түнгі сағат 12-де өткізді. Содан соң қонақ үйге барып, түн ауа футболшыларын демалдырды. Қонақ үй басшыларымен келісіп, бөлмелердің бәрін қараңғылап тастады. Байқап жүрміз, бізге келген Еуропа құрамалары бар шаруаны екі-үш күнде тындырып кетуге тырысады. Футболшыларының жерсіну және жергілікті климатқа бейімделу процесі басталмай жатып, үш ұпай олжалап кетіп жүр. Қанша дегенмен мұның бәрі оларға оңай тиіп жүрген жоқ болар. Осы тұста Оңтүстік Америкадаға бірнеше елдің үйдегі ойындарын теңіз деңгейінен 2500-3000 метр биіктікте орналасқан стадиондарында өтікізіп, Бразилия және Аргентина секілді азулы қарсыластарының өздерін ома қаптырып, яғни «тазы болып шалып» жүргендігі есіңе түседі.

Сөз соңында Әзірбайжан футболшыларының біздің құраманы ірі есеппен ұтқан Түркияны тізерлеткендігін, ал УЕФА-ға бізден кейін қабылданған Черногорияның түзде Англиямен тең түскендігін тілге тиек еткіміз келеді.

Нургазы Сасаев
Для того чтобы, оставить комментарий необходимо войти или зарегистрироваться