Өз командасына қайта орала алмаған ару

Козачков Михаил

Последний вход: 26.03.2020 23:14:10
Дата регистрации: 11.03.2011 23:35:41
WWW-страница: http://twitter.com/koza4koff
ICQ: 293267934
Пол: Мужской
Страна: Казахстан
День рождения: 16 мая
Любимая команда:  Ордена Ленина. Ордена Красного Знамени. Великий. Могучий...
Козачков Михаил Всем
Өз командасына қайта орала алмаған ару

Волейболдан Жапонияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы 2010 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бес ойын өткізіп, бесеуінде де жеңілістің кермек дәмін татты. Мамандар «өз мүмкіндіктерін толық жүзеге аасыра алмады» деген пікірде. Кейбір ойын сәттерінде қателесіп, білгендерінен жаңылып, ойындары мандымай қойғанын көріп, біз де сондай ойға шомдық. Дәл қазір деңгейлері өзімізбен шамалас Куба, Таиланд, Хорватия қыздарын ұтуға болатындай да еді. Әлем чемпионатының «С» тобындағы ойындарды тамашалап отырып, есімізге Елена Павлованы түсірдік. Елена құрама сапында жай оғындай жарқылдап, қарсыластарының үрейін ұшырумен болушы еді. Шірене соққан доптарына тосқауыл қойып үлгере алмай жататын тордың арғы бетіндегі қарсыластары. Содан соң тосқауыл қоюға да шебер еді. Допты қабылдап алуға да қаражаяу емес-тін. Бір ойында ұлттық құраманың барлық ұпайының тең жарымына пара-парын команда қоржынына салатын. Әйтеуір бізге құрама сапында Елена Павлованың орны үңірейіп көрініп тұрғандай болды. Ақыры дзюдошы Асхат Жіткеевтің жұбайы Еленаның өзін сөзге тарттық.

– Елена, жақында сіздің Қазақ­стан халқы ассамблеясының ХVІ сессия­сында сөйлеген сөзіңізді естіп, тәнті болдық. «Мен қазақтың келінімін» деп бастап, қазақ тілінде сөйледіңіз. Елбасы да риза болып қалған сияқ­ты. Сөзіңіздің мәтінін өзіңіз құрастыр­дыңыз ба, әлде біреулер көмектесті ме?

– Өзім де құрастырдым, сондай-ақ осы ассамблеяда сөз сөйлегендердің баян­дамаларына жауап беретін команда да көмектесті. Осылай екі жақтан құралған мәтін болды.

– Қазір қазақша еркін сөйлейтін шығарсыз?

– Әлі үйренудемін. Меңгеру үстін­демін.

– Дәл қазір немен шұғылданасыз, не істеп жүрсіз?

– Үйде отырмын, екінші нәрестемізді тосып.

– Құттықтаймыз, мерзіміне қанша болды?

– Алты ай болды. Сондықтан үйде отырмын. Бірінші сәбиіміз – қызымыз Томиристі бағып.

– Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы ойындарын тама­ша­лаған шығарсыз. Біздің қыздар қалай өнер көрсетті, жеңіске жету үшін не жетпеді деп ойлайсыз?

– Әрине, барлық ойындарын да көрдім. Жалпы, қыздарымыз жаман өнер көрсеткен жоқ. Тек құрама сапындағы ойыншылардың тең жартысы жас қыздар болғандықтан, оларға осындай дүбірлі додадағы тәжірибе жетіспеді.

– Мен волейболшы болмасам да, маған үйлестірушілердің ойындары үйлеспей тұрғандай болып көрінді.

– Коринна Ишимцеваны дәл қазір біздің елдегі ең үздік үйлестірушілердің бірі деп санаймын. Қазір бізде Кориннадан асып түсетін ешкім жоқ. Ал Ирина Лу­комская жас әлі. Оған осындай дүбірлі додаларда ысыла түсу керек. Тәжірибесі аздау. Кейбір сәттерде толқып, психо­логиялық тұрғыда толғанысынан толық арыла алмағандай әсер қалдырды. Сондықтан бар ауыртпалық Коринна Ишим­цеваға түсті. Алаңдағы осы маңызы зор қызметті ат­қаруда бәсекелестік бол­мады. Жалпы, бүгінгі таңда бізде ойлы да, сайлы ойын өрнегін көрсете алатын үйлестірушілер жетіспейді. Жалғыз  Коринна Ишимцева. Лукомскаяны айттым, ол – әлі жас.

– Бұрын Коринна Ишимцева мен Ксения Илющенко бірін-бірі толық­тырып тұрушы ма еді?

– Әрине. Мен тіпті Ксения Илющенконы Қазақстандағы ең үздік, теңдессіз үйлес­тіруші деп санаймын. Жасы келсе де (1979 жылы туған), өте тәжірибелі ойыншы. Бірнеше жыл шетелдердің азулы коман­даларында ойнады. Осындай тәжірибелі ойыншының құрама сапына тартылмауы өкінішті, әрине.

– Қазір қайда ол? Негізі, Ксенияның деңгейі Кориннадан жоғары ма еді?

– Қазір ол ешбір клубта ойнамайды. Өкінішке қарай, волейболды қойды. Егер жаттығып, бұрынғы спорттық бабына келсе, деңгейі Кориннадан жоғары.

– Ксениямен бірге біздің құрамаға сіз жетіспегендейсіз. Қыздар сізді жоқтап тұратындай... Сіз ойын бары­сында құрбыларыңызды қайрап, жетекшілік етуші ме едіңіз?

– (күліп) Оны менен емес, қыздардан сұрау керек. Мен алаңда жетекшілік етпейтінмін. Тек капитан ретінде жігерлен­діріп отыруға тырысатынмын.

– Негізгі құрамда Юлия Куцко көп ойнамады. Тәжірибелі ойыншылары­мыз­дың бірі сияқты еді...

– Маған бәрінен де Наталья Жукованың негізгі құрамда ойнамауы түсініксіз. Бірақ бәрі бас бапкердің құзыретіндегі іс қой.

– Допты ойынға қосуға да шор­қақтау сияқтымыз ба, қалай?

– Бізде допты ойынға секіре қосып, пәрменді соққы жасай алатын ешкім болмады. Ал қазіргі заманғы волейболда мұндай пәрменді соққысыз қиындау. Допты ойынға осылай қоса білетін ойыншылар қажет. Жаттығу жұмыстарында осыған көңіл бөлу керек. Бұл бір күнде немесе бір аптада меңгеріп кететін нәрсе емес. Көп машықтану керек. Бүгінгі таңда допты ойынға пәрменді соққымен қосудың және тосқауыл қоя білудің маңызы зор. Бұл екеуі ойдағыдай болмай, жеңіске жету қиын.

– Әлем чемпионатында тосқауыл қою жағына қалай болдық деп ой­лайсыз?

– Мүлде жаман емес. Әйтсе де, тосқауыл қою жағына да көңіл бөліп, жетілдіре түсу қажет.

– Қазақстан құрамасы сапындағы жас волейболшылардың ішінен кімді бөле-жара атар едіңіз? Қайсысы көңіліңізден шықты?

– Бірінші кезекте Сана Жарылғасованы ерекше атап өткім келеді. Тек Сананы. Ол жас, әлеуеті зор. Әрине, қателескен тұстары көп болды. Бірақ оның бәрін де түзеуге болады. Ынта-жігері, құлшынысы зор. Содан соң Ольга Дробышевскаяны да бөле-жара атап өткім келеді. Бірақ оны жас деуге келмес. 25-ке келді. Нәтижелі ойын үлгісін көрсете білді.

– Мына қызықты қараңызшы, 1997 жылы сізге Қазақстан мен Ресей «бізге ауыс» деп қолқа салады. Сізге бірден еңселі екі елдің бірін таңдап алу оңайға түспейді. Ақыры анаңызбен ақыл­дасып, Ташкенттен қазақ еліне қоныс аудардыңыз. Сонда Қазақстанды таң­дауыңыздың себебі Нелли Щербакова еді. Осы білікті бапкердің қол астында өнер көрсеткіңіз келді. Ал қазір Қа­зақстанға келуіңізге себепкер болған Нелли Щербакованың қара­мағында ойнап жүрген жоқсыз. Неге?

– Иә... (сәл ойланып). Бұл – тағдыр. Ол – өткен өмір. Қазір жағдай басқа. Өкінішке қарай, біз ортақ тілге келе алмағандаймыз. Дәм-тұзымыз жараспағандай. Мен сәби сүйгеннен кейін волейболға қайта орала алмадым. Команда сапына қайта оралуыма Нелли Щербакова тарапынан ешқандай емеурін таныту болмады. Мені командаға, тіпті жаттығу жұмыстарына шақырмады.

– Мүмкін араларыңызда келіспеу­шілік болған шығар. Сөзге келіп қалған кездеріңіз болып па еді?

– Жоқ, ондай ештеңе болмаған сияқты.

– Орыстілді баспасөз тілшілеріне Нелли Щербакова сізді «командаға қайта оралу үшін көп ақша, қомақты жалақы талап етті» деген сияқты.

– Шынымды айтайын, мен осы сұ­рақтан шаршадым. Әбден мезі болдым. Орыс тіліндегі бас бапкер мен менің сұхбаттарымды оқысаңыз, мен айтарымды айтқанмын. Енді оның бәрін қайта көпсітіп, ескі жараның аузын тырнай бергім келмейді. Мен волейболға қайта оралу үшін көп ақша, қомақты жалақы талап еткен жоқпын! Спорттық бабыма келгенше көп ақша талап ету әбестік емес пе?! Қазір екінші сәбиіме аяғым ауыр, өзімді бақытты сезінемін. Осымен іс тамам болсыншы.

– Шыныңызды айтыңызшы, егер сіз волейболға қайта оралғыңыз келген кезде, ешқандай түсінбеушілік бөгет болмай, команда сапына қосылға­ныңызда, екінші рет жүкті болар ма едіңіз?

– Жоқ, онда екінші сәбиді дүниеге әкелуді сәл кейінге шегере тұрар едім. Ел намысын қорғап, өзімнің сүйкті ісіме қайта оралып, волейбол ойнап жүрер едім...

– Амандық болып, екінші сәбиіңіз дүниеге келген соң не істемексіз? Қайтадан үлкен спортқа оралып, волейбол ойнайсыз ба? Әлде бап­керлікке ауысасыз ба?

– Білмеймін. Әлі өзім де нақты шешімге келген жоқпын. Енді волейбол ойнауым екіталай. Ал бапкерлікке келер болсақ, ешқандай клуб ұсыныс жасаған жоқ. Жалпы, өз тәжірибемді өз еліміздің әуе добына, Қазақстан волейболына сіңіргім келеді. Қанша дегенмен, бірнеше жыл шетелдерде ойнап, тәжірибе жинадым ғой. Сол тәжірибемді, өз түйгенімді Қа­зақстан волейболының кәдесіне жаратсам деймін. Бұл тұрғыда ынтам да, ықыласым да зор.

Сұхбаттасқан Нұрғазы САСАЕВ
Для того чтобы, оставить комментарий необходимо войти или зарегистрироваться